АҚПАРАТТЫҚ ХАТ.
Еуразия Инновациялық Ғылыми-Зерттеу орталығы, Халықаралық ұстаздар ассоциация (International Teacher Assosiation), Тұран университеті, DAMU Зияткерлік мектебі ұйымдастыруымен, Хан Академиясы Қазақстан (KhanAcademy Kazakhstan), Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, Тұран университеті, Болашақ бағдарламасы түлектері қауымдастығы қолдауымен, «Балалар жылы 2022» аясында мектеп оқушылары арасындағы ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру мақсатында республикалық І дәстүрлі «Зейін-2022 » ғылыми зияткерлік олимпиадасы өткізіледі. Олимпиада мақсаты, балалардың зерттеу дағдыларын дамыту, мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру, оқушылардың білім мен ғылымға деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен іздену қабілетін қалыптастыру, дарынды оқушыларды анықтап, республикамызға таныту. Республикалыұ ғылыми-зияткерлік олимпиадасы ағымдағы жылдың 16-17 желтоқсан күндері, Алматы қаласы, DAMU зияткерлік мектебі базасында өтеді.«Зейін-2022 » ғылыми-зияткерлік олимпиадасына, республика бойынша жас зерттеушілер 1-11 сынып оқушылары, жеке сондай-ақ, командалық құрамда (2 қатысушыдан аспайтын) қатыса алады.Республикалық зияткерлік олимпиада қалалық және республикалық БАҚ қатысуымен жүзеге асады. Құжаттар 05.12.2022ж сағат 00.00 дейін қабылданады.
Қатысу шарттары:
- І дәстүрлі « Зейін -2022 » ғылыми-зияткерлік олимпиадасына қатысу туралы форманы толтыру.
- Ғылыми жұмыстың электронды нұсқасын және презентациясын төменде көрсетілген электрондық почтаға жіберуі қажет.Жұмыстары аталмыш почталарға жіберіледі eurasiainnovation@gmail.com, n.nyshanbayev@turan-edu.kz.
- Ұйымдастыру комитеті республикалық олимпиадағы ұсынылған ғылыми жоба мазмұнын зерттеп, кері байланысқа шығатын болады.
«Зейін-2022» республикалық ғылыми-зияткерлік олимпиадасы гуманитарлық және жаратылыстану, өлкетану және ұлы дала ұландары секцияларынан тұрады. Әрбір қатысушының ғылыми жобасы ұйымдастыру комитеті шешімімен қабылданған жағдайда, ғылыми жұмысты қорғау реті, бағалау кретийлері, олимпиада бағдарламасы қосымша жіберіледі.
Толық ақпарат үшін: 7 702 608 19 66, +7 707 899 2037«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗЕЙІН-2022»
ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫ
Жалпы ережелер.
Олимпиаданың негізгі міндеттері:І дәстүрлі республикалық «Зейін -2022 » ғылыми-зияткерлік олимпиадасыны қатысу формасы