2022 жылдың 8 қазанында "Еуразиялық Инновациялық Ғылыми-Зерттеу орталығы" Жамбыл облысы, Т.Рысұлов ауданы, Құлан елді мекеніндегі Әлихан Бөкейханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі арасында өзара ықтымақтастық меморандумына қол қойды. Мектеп директоры Шулакова Нургул Толеновна ханым атап өткендей, жергілікті білім беру ұйымдары мен инновациялық ғылыми-зерттеулер орталығы арасындағы әріптестік-іскерлік байланыс, білім сапасының өсуі мен ұстаздардың тәжірибесі артуына тікелей ықпал ететін болмақ. Меморандум мақсаты, орта білім беру саласындағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылығын арттыруды көздейді.