"Еуразия Инновациялық Ғылыми-Зерттеу Орталығы"| Халықаралық конференциялар платформасына хош келдіңіз

Еуразия Инновациялыұ Ғылыми-Зерттеу орталығы мүшелігіне құжаттар өткізу ашық
 2022-2023 ж
          Еліміз тәуелсіздік жылдары халықаралық ғылыми қауымдастық алдында жасампаз ғылыми ізденістер мен зерттеулер саласында елеулі жетістіктерге жетіп келуде.Ғылыми ізденістер мен халықаралық тәжірибе алмасу саласына тың қарқын алып келу мақсатында, Еуразия Инновациялық Ғылыми- Зерттеу Орталығы орта және кәсіби білім беру саласында жұмыс жасап келуде. Халықаралық Ұстаздар Ассоциациясының (ITO) Қазақстандағы жалғыз өкілі болып табылатын орталығымыз бүгінгі таңда, Бурса, Ыстанбұл, Баку қалаларында офлайн және Токио, Манчестр қалаларында онлайн форматта халықаралық конференциялар мен симпозиумдарды сәтті ұйымдастырды. Ағымдағы 2022-2023 оқу жылына бірнеше халықаралық тәжірибе алмасу жобалары, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен оқушылар олимпиадасы жоспарланған. Қазіргі таңда, орталығымызға республикамыздың барлық өңірінен көптеген сұраныстар мен хабарламалар келіп түсуде. Негізгі сұрақ, алдағы уақытта өтілетін шараларымызға тіркелу, қатысу мәселелері бойынша. Орталық ұйымдастырылуымен өткізілетін әрбір шараға қатысушылар саны шектеулі болуына байланысты, «Еуразия Инновациялық Ғылыми-Зерттеу орталығының белсенді мүшесі 2022-2023» куәлігін енгізу жөнінде орталық шешім қабылдады.
      Орталықтың мүшелігіне өту, бір жыл көлемінде келесідей мүмкіндіктер береді:
      - Орталықпен ұйымдастырылатын әрбір халықаралық, республикалық шараларға қатысуға іріктеусіз мүмкіндік. Орталық бір жыл көлемінде кем дегенде 2 рет халықаралық ғылымитәжірибелік және 2 рет республикалық конференция ұйымдастырады.
     - Халықаралық конференция мен тәжірибе алмасу шараларына алдын ала топтық дайындық сабақтарына қашықтықтан қатысу.
    - Ай сайын, электронды почта арқылы білім беру саласы бойынша ұйымдастырылып отырған шаралар мен тағылымдамалар, жинақтар бойынша хабарламалар алу.
      Куәліктің жарамдылық мерзімі І академиялық оқу жылы (қыркүйек-маусым).
    «Еуразия Инновациялық Ғылыми-Зерттеу орталығының белсенді мүшесі 2022-2023» куәлігіне ие болу үшін, келесідей құжаттарды төменде көрсетілген электронды почта немесе уатсап нөмеріне жіберу қажет:
       - Кандидат өзі туралы бір беттік эссе жазу (жұмыс орны, байланыс нөмерлері көрсетіле отырып)
      - ¾ форматындағы түсті фото
      - Кәсіби педагогикалық жетістіктер портфолиосы


Құжаттар: + 7 705 214 11 66 (уатсап), + 7 702 608 19 66, + 7 707 899 20 37 немесе eurasiainnovation@gmail.com электронды почтасына жіберілуі қажет.
Мүмкіндіктер:
  • Жылына кем дегенде 2 рет ұйымдастырыдатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу мүмкіндігі;
  • Халықаралық педагогтар қауымдастығына бір мезетте мүшелікке өту;
  • Арнайы куәлік пен төсбелгіге ие болу;


Байланыс нөмері:
+7 702 608 1966
+ 7 705 214 11 66
Made on
Tilda