"Еуразия Инновациялық Ғылыми-Зерттеу Орталығы"| Халықаралық конференциялар платформасына хош келдіңіз
Еліміздің үздік ұстаздары, Әзербайжан Республикасы, Баку қаласында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел халқына арнаған жолдауында атап өткендей, еліміздегі ғылым мен білім саласының дамуы, халықаралық ғылыми қауымдастықпен тығыз байланыста әрекет етуі ең маңызды салаға айналуы тиіс. Еліміз тәуелсіздік жылдары халықаралық ғылыми қауымдастық алдында жасампаз ғылыми ізденістер мен зерттеулер саласында елеулі жетістіктерге жетіп келуде. Елімізде ғылыми ізденістер мен халықаралық тәжірибе алмасу саласына тың қарқын алып келу мақсатында, Еуразия Инновациялық Ғылыми- Зерттеу Орталығын, орта және кәсіби білім беру саласында еңбек етіп келуде

Түркі халықтары арасындағы байланыс тек саясат, экономика салаларында ғана емес, мәдениет, ғылым мен білім саласында да өте жоғары деңгейде болуы қажет Еуразия Инновациялық Ғылыми-Зерттеу Орталығы еліміздегі орта білім беру саласының тәжірибелі ұстаздарын жинап, Халықаралық Түркі Академиясы және Әзербайжан Мемлекеттік Педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігі, №171 Заур Маммадов атындағы жалпы орта мектебі бірлесіп, ағымдағы жылдың 1 қараша күні түркі елдері арасындағы білім және ғылым байланысты нығайтып, өзара әдістемелік тәжірибе алмасу мақсатында «Әлемдік білім кеңістігіндегі педагогикалық әдістемелердің жаңа көкжиектері: халықаралық тәжірибе» тақырыбында халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Конференцияның негізгі мақсаты Қазақстан мен Әзірбайжан білім беру мекемелері арасындағы білім беру интеграциясын арттыру және екі бауырлас халықтардың білім беру саласындағы зерттеушілері өз тәжірибелерімен, идеяларымен және оқыту әдістерімен алмасатын платформа құру болып табылады. Шара аясында, №171 Заур Маммадов атындағы жалпы орта мектебі директоры Земфира Масиева Балакичи ханымның ұйымдастыруымен, қазақстандық және әзербайжандық ұстаздар арасында педагогикалық істәжірибе алмасу шаралары өте жоғары деңгейде өтті. Қазақстандық ұстаздар мектеп ауласына тал көшеттерін отырғызып, мектептің көпсалалы кампусымен танысты. Акт-залында ұйымдастырылған оқушылар мен ұстаздардың арнайы мерекелік бағдарламасына қатысты. Ұстаздарымыз халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға, №171 Заур Маммадов атындағы жалпы орта мектебі аясында ұстаздармен тәжірибе алмасу шарасымен қатар, Шәһидтер Аллеясына құрмет көрсетіп гүл қою шараларына қатысты. Сонымен қатар, делегаттарымыз Гейдар Алиев Орталығы, Ескі қала тарихи мәдение орталығы және көптеген Баку қаласының көрікті-тарихи орталықтарын аралады. Алдағы уақытта қос бауырлас елдер арасында білім беру саласында байланыс арта беретін болмақ.
Made on
Tilda