"Еуразия Инновациялық Ғылыми-Зерттеу Орталығы " Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі, Тұран университеті, әль-Фараби атындағы ҚазҰҰ, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым комитеті Философия, дінтану және саясаттану институты, және UniCorn академиялық кеңес беру орталығы (Шотландия), Ұлытау Университеті (Турция) бірлесіп, педагогикалық қызметкерлерге арналған " Білім беру үдерісінде инновациялық технологиялардың рөлі: мүмкіндіктері мен мәселелері" атты дәстүрлі І халықаралық ғылыми - тәжірибелік тамыз конференциясын ұйымдастыруда.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 19 тамыз, 2022ж, сағат 9:00 - 16:00 де, Алматы қ, Достық даңғылы 52/2, "Қазақстан" қонақ үйі, Алтын Емел конференция залында өтеді.
Конференция барысында аталмыш тақырып бойынша республика бойынша үздік зерттеу жұмыстары талқыланып, кәсіби мамандар тарапынан конференция өткізіліп, конференцияның қорытынды жарғысы қабылданып, жауапты оргондарға ұсынылады. тренингтік дәрістер өткізіледі. Әрбір қатысушының ғылыми зерттеу жұмысы енген арнайы ғылыми жинақ жарияланып, барлық кітапханаларға таратылатын болады.
Конференция барысында, "Еуразия Инновациялық Ғылыми-Зерттеу Орталығы" ЖШС-ның 2022-2023 ж арналған академиялық жоспары жарияланып, Азербайжан, Түркия, Болгария, Шотландия, БАӘ елдерінде жоспарланған онлайн және офлайн форматтағы халықаралық конференциялардың талаптары мен мазмұны таныстырылады. Сонымен қатар, Орталық бастамасымен ұйымдастырылып, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және т.б мекемелермен әріптестік негізінде ұйымдастырылатын